Главная festivali.kz Регистрация Обратная связь


Регистрация в справочнике О проекте art-dance.kz
 
КАТЕГОРИИ НОВОСТЕЙ
Концерты, балет, вечеринкиМастер-классыФестивали, конкурсы
 
 
 
 
« Мар.2024»
Пн.Вт.Ср.Чт.Пт.Сб.Вс.
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
 
МЫ ВКОНТАКТЕ
 
 
 
НАША БОЛЬШАЯ КНОПКА


Поддержите проект art-dance.kz!
Разместите нашу кнопку на своем ресурсе.

код кнопки:
 
Яндекс - Виджет

Танцевальные события

Удобный способ получать последние новости о танцевальных событиях в Казахстане от art-dance.kz.

добавить на Яндекс
 
Афиша ротатор
BONANZA_2024
12_Shokzhuldyz
Tancujut_vse
7_SHASHU
3_TOO_MUCH_Dance_Competition
 
Архив новостей:
2009/ 10/ 11/ 12/ 13/ 14/ 15/ 16/ 17/ 18/ 19/ 20/ 21
Предстоящие фестивали, конкурсы, турниры:

«Жеті Өнер» I Халықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестиваль-конкурсы

«Жеті Өнер» I Халықаралық балалар мен жастар
шығармашылық фестиваль-конкурсын өткізу
ЕРЕЖЕСІ
8-9-10 - мамыр, 2017 жыл

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық
халық аспаптар оркестрі залы

Қазақконцерт концерт залы

Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің
Орталық көрме залы

«Жеті Өнер» I Халықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестиваль-конкурсы (одан әрі - байқау) «Жеті Өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткізіледі.

Байқаудың басты мақсаттары:
- Педагог-ұстаздардың, конкурсанттардың байқау барысында өзара достасуына жол ашу, білім беру саласының педагогикалық қызметкерлерінің шығармашылық қызметіне дем беру;
- Балалар мен жастарға көркем эстетикалық тәрбие беру, дарынды жастарға шығармашылық тұрғыдан қолдау көрсету;
- 2017 жылғы 31 қаңтарындағы Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауындағы бес негізгі басымдықтың бірі:«Адами капитал сапасын жақсарту» төртінші басымдығында көрсетілген «Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет» деген міндетіне сүйене отырып, еліміздің қалалық, аудандық, ауылдық білім беру мекемелерінің өнерлі жас буындарының басын қосып, өзара сайысуына мүмкіндік беру.

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ

Байқауға шетел мемлекеттері мен республикамыздың барлық облыстарының өнерпаздары қатыса алады.

І. Байқау номинациялары және қатысушылардың жас шамасына қарай сайысатын топтары

Байқау жеті номинация бойынша өтеді:
1. Аспапта орындаушылық өнері, жеке немесе топтық орындау (түрлері бойынша):
1. 1.Ағаш-үрмелі аспаптар: флейта, гобой, кларнет, фагот, саксофон - альт, саксофон - тенор;
1. 2. Жез үрмелі аспаптар: валторна, труба, тромбон, туба, ұрмалы аспаптар;
1. 3. Қазақ халық аспаптары: домбыра, шертер, қобыз, қыл - қобыз;
1. 4. Орыс халық аспаптары: баян, аккордеон, классикалық гитара, домра-прима, домра - бас
1. 5. Эстрадалық музыка аспаптары
1. 6. Фортепиано;
1. 7. Ішекті аспаптар:скрипка, альт, виолончель,контрабас.
2. Дәстүрлі ән өнері, жеке орындау
3. Ән салу өнері, жеке немесе, хор, топтық орындау (түрлері бойынша):
3.1. Академиялық ән салу, дауыстар бойынша: сопрано; меццо сопрано; тенор; баритон; бас.
3.2. Эстрадалық ән салу
3.3. Ансамбльмен ән салу өнері, дуэт, трио, квартет, топтық орындау;
4. Хореографиялық өнері, жеке немесе топтық орындау (түрлері бойынша):
4.1. Ұлттық би
4.2. Эстрадалық би
4.3. Спорттық би
4.4. Классика
5. Мәдени-тынығу жұмысы, жеке немесе топтық орындау (түрлері бойынша):
5.1. Көркемсөз
5.2. Скетч
5.3. Пародия
6. Бейнелеу өнері және Сәндік өнері
7. «Жас ғалым» ғылыми жобалар және «Жас қаламгер» үздік шығарма сайысы

Қатысушылардың жас шамасына қарай сайысатын топтары
- Бүлдіршін тобы: 4-7 жас
- Балдырған тобы: 8-10 жас
- Жеткіншек тобы: 11-13 жас
- Жасөспірім тобы: 14-16 жас
- Жас өрен тобы: 17-19 жас
- Жас дәурен тобы: 20-25 жас
- Аралас топ

ІІ. Байқау шарттары

- Әр қатысушы жоғарыда берілген номинациялар бойынша (Бейнелеу өнері және Сәндік өнерінен басқалары) еркін тақырыптағы 1 шығармамен қатыса алады. Әр шығарманың ұзақтығы 4-минуттан аспауы керек;
- Байқауға қатысушылардың әндері «жанды» дауыста орындалуы тиіс: аранжировка жасалған минус сүйемелімен, саз аспаптарымен орындауға болады;
- Байқау барысында қатысушылардың орындау шеберлігі, сахналық киім ерекшелігі мен сахна мәдениетіне, би қозғалысының ритмикасы мен синхрондығына назар аударылады;
- Қатысушының таспасы мен оның дұрыс қойылуына жетекшісі жауапты;
- Бейнелеу өнерінен қатысушылар 2 жұмысын ұсынады. Міндетті түрде А3 формат көлемінде (одан үлкен және кіші форматтағы жұмыстар және түрлі-түсті қаламдармен салынған суреттер қабылданбайды, гуашь пен акварель және т.б. қолдану керек.). Жиектемесі «Паспарту» стандартында орындалады (міндетті түрде) және жұмыстың артқы жағына жұмыстың атауы мен орындаған оқушы, жас шамасы (ережеде жазылғанға сәйкес, мысалы, «бүлдіршін» тобы), оқу орны жазылуы керек (көрмеге этикитаж жасау үшін). Сәндік өнеріне қатысатындар әртүрлі жанрдан өз көрмесін ұсынады: мүсін, ағаш өңдеу, батик, тоқыма, зергерлік бұйымдар және басқа сәндік өнердің түрлерінен. Бұл екі номинацияның жұмыстары іріктеліп, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің Орталық көрме залында Фестиваль аясында өтетін 1 апталық көрмеге қойылады, көрмеге кіру тегін. Тақырыбы: «Заманауи Қазақстан». Осы талаптар орындалмаған жағдайда жұмыстар қабылданбайды.
- «Жас қаламгер» үздік шығарма сайысы бойынша 2 бағытта - поэзия және проза бағытындағы шығармалар қабылданады, шығарма тақырыбы «Заманауи Қазақстан». Бұл номинация бойынша жұмыстар (электрондық нұсқаcы) 2017 жылдың 30 сәуірге дейін қабылданады.
Қойылатын талаптар: Бет параметрлері: жоғарғы жағы - 2 см, төменгі жағы - 2 см, сол жағы - 3 см, оң жағы - 2 см, шрифт Times New Roman, 14 кегль. Жұмыс көлемі 2-3 бет.
- «Жас ғалым» ғылыми жоба сайысына қатысуға 4 бағытта толтырылған жұмыстар алынады, жобаның 2 данасы болуы керек:
физика-математикалық (секциялар: физика, математика, информатика, экономика);
ғылыми-жаратылыстану (секциялар: биология, химия, адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау);
лингвистикалық (секциялар: әдебиеттану, тіл білімі);
гуманитарлық (секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану).
Қатысушылар төменде берілген электрондық почтаға сұраныс жіберіп, ғылыми жобаны рәсімдеу стандартын алуы керек.

ІІІ. Техникалық шарттар

- Қатысушылар сүйемелдеуші аспаптарын өздері әкеледі;
- Ән мини дискте және флешкаға жазылуы тиіс. Шығарма салынған қалыпта тек байқау шығармасы ғана жазылуы шарт;
- Шығарма салынған қалыптың сыртында және ішінде қатысушы топ атауы, шығарманың аты жазылуы керек;
- Әр қатысушы тізімдік рет бойынша дайын тұруы тиіс. Сүйемелдеуші аспабы мен құралдарының дайындығына жетекшісі жауапты.

IV. Байқаудың қазылар алқасы

- Қазылар алқасының құрамы мәдениет және өнер қайраткерлері, кәсіби сазгер, тәжірибелі ғалым-ұстаздардан құралады;
- Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды, сондай-ақ байқау ережелерінің бұзылуына жол берген қатысушылар байқаудан шеттетіледі!
- Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады;
- Қазылар алқасының барлық мүшелері келіскен жағдайда бағдарламаны қысқарту немесе шығармаларды орындауды тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы;
- Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін 10 ұпайлық жүйе бойынша (ашық) бағалайды. Жинаған ұпай саны бойынша орындаушылар қатарынан байқаудың жүлдегері анықталады.

V. Жеңімпаздарды марапаттау

Байқаудың қорытындысына сай әр номинация бойынша марапаттау беріледі:
Бас жүлде - жеңімпаз дипломы және арнайы сыйлық;
І орын - лауреат және сыйлық;
ІІ орын - лауреат және сыйлық;
ІІІ орын - лауреат және сыйлық;
І орын - дипломант және сыйлық;
ІІ орын - дипломант және сыйлық;
ІІІ орын - дипломант және сыйлық.
Байқауға қатысқан өнерпаздар мен тәлімгерлерге Мақтау қағазымен марапатталады. Байқауға жеңімпаздарды дайындаған педагогтар “Үздік тәлімгер” дипломымен марапатталады.
Әділ-қазылардың ұйғарымымен әр номинация бойынша берілетін орын саны көбейтілуі мүмкін.
Байқауда лауреат атанған барлық қатысушылар («Жас ғалым» және «Жас қаламгер» номинацияларынан басқалары) қыркүйек айында түсірілетін І Республикалық "Жеті Өнер" телевизиялық шығармашылық жобасына ақылы қатысуға жолдама алады.

VI. Қаржы шарттары

- Жеке орындаушылар - 15 000 теңге. «Бейнелеу, Сәндік өнері» және «Жас ғалым», «Жас қаламгер» - 10 000 теңге.
- Дуэт, трио -20 000 теңге.
- Ансамбль - 4 адамнан 10 адамға дейін - 30 000 теңге,
10-адамнан жоғары - 3 000 теңге адам басына.
Қатысушылардың барлық шығындарын қатысушы жақ төлейді
Топтық қатысушылар тек ұстаздың жетекшілігімен ғана келеді.
Байқау жарнасын төлеу жүлделі орынға кепілдік бермейді.
Жарна ақысы ұйымдастыру жұмыстарының шығындарына жұмсалады және ол қайтарылып берілмейді.

VII. Тіркеу

Өткізілетін күні және орны:
7-мамыр - сағат 09.00-17.00 облыстан келген қатысушыларды тіркеу (Қазақконцерт, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 83., Әйтеке би көшесінің қиылысы)
8-9-10 мамыр - сағат 08.00 - 09.00-ге дейін қатысушылардың тіркелуі;
09.30 - 18:30 байқаудың салтанатты ашылу рәсімі, өнерпаздардың өнер көрсетуі және әділ-қазылардың бағалауы; (бағдарлама байқауға 3 күн қалғанда таратылады)
10-мамыр - сағат 14.00-де - Гала концерт. Марапаттау рәсімі.

Өткізілетін орны:

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі залы
Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі ,158., Сейфуллин көшесінің қиылысы

Қазақконцерт концерт залы
Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 83., Әйтеке би көшесінің қиылысы

Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің Орталық көрме залы
Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 137, Жамбыл көшесінің қиылысы
Байқауға қатысқысы келетіндер ұйымдастыру алқасына төмендегі құжаттарды жіберуі тиіс.
- Тапсырыс анкетасын толтыру;
- Туу туралы куәліктің көшірмесі;
- Банктық есепшотқа аударған жағдайда жарна төлегендігі жөніндегі түбіртек көшірмесі.

Көрсетілген құжаттар ұйымдастыру алқасына 2017 жылдың 3 мамырға дейін тапсырылуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін келген өтініштер қаралмайды.

«СЫЙЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫНА» ие болған қатысушылар толтырылған анкета мен сертификаттың суретін 2017 жылдың 23 cәуіріне дейін тапсыруы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін келген анкета қабылданбайды.

Тапсырыс анкетасы электронды почта арқылы Word форматта қабылданады. Біздің тараптан берілетін барлық құжаттар сіздердің анкеталарыңызға сәйкестендіріліп толтырылатын болғандықтан, толық, қатесіз ақпарат берулеріңіз керек. Сүйемелдеуші болған жағдайда, анкетаға енгізуді ұмытпаңыздар!

Тапсырыс анкетасы:

Аты, жөні

Мемлекеті, Облысы, қаласы, ауданы, оқу орны

Тәлімгері
(толық аты-жөні)

Репертуары
(шығарма авторлары толық көрсетілсін)

Номинациясы: аспабы/жанры

Туған күні, айы, жылы

телефон

-

-

-

-

-

-

-

-

Біздің реквизиттер:
ИП «Жеті Өнер»
«Kaspi Bank» АҚ
KZ57722S000001170964 банк шоты
Курманова Сандугаш Таурбековна
ИИН/БИН 840101403123
КБе 19
КНП 869

Құрметті қатысушылар!
Байқаудың жоғары дәрежеде өтуі осы талаптардың дұрыс және дер кезінде орындалуына байланысты.
Қандай да бір өзгерістер енген жағдайда алдын ала хабарланып, әлеуметтік желідегі парақшада жарияланады.

«Сыйлық СЕРТИФИКАТЫ» берілген қалалар тізімі:
БҚО, Орал қаласы
Атырау облысы, Атырау қаласы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
ОҚО, Шымкент қаласы
Алматы облысы, Іле ауданы
Алматы облысы, Талғар ауданы
Алматы облысы, Жаркент ауданы
ШҚО, Ұржар ауданы
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы

Байланыстар ұйымдастырушы:
e-mail: 7oner@mail.ru
+7 778 469 61 77, +7 747 184 84 31
+7 778 469 67 96, +7 707 869 61 77

При копировании информации ссылка на art-dance.kz обязательна.
Поделись ссылкой в социальных сетях
Теги: Алматы , май 2017 , Жетi Онер
08.05.17 | Просмотров : 7059 | ID события: 3721
Все события на май 2017 года
06.05.17, Сб
KAZAKHSTAN DANCE GLOBAL
реклама в подвале

ПОИСК НА ПОРТАЛЕ
 
 
 
 
Свежие новости/события
 
 
 
ПОДАРИ ДЕТЯМ ЖИЗНЬ
detdom.kz

Общественный Фонд
«Добровольное Общество Милосердие»

www.detdom.kz

 
СТАТИСТИКА ПОРТАЛА
Новости ( 8 303 )
Новости (просмотры) ( 20 320 258 )
Статьи о танцах( 427 )
Тематический словарь( 56 )
Справочник по клубам( 567 )
Танцевальные коллективы( 159 )
Преподаватели( 322 )
 
Афиша ротатор
DANCE_IMPULSE
93_Pro_tancy_Kz
92_Pro_tancy_Kz
NEW_ART
GULNAR_FEST
 
Главная Форум Регистрация Обратная связь
Идея ТОО "Аль - Capital Ltd" © 2009 - 2023 Дизайн, разработка и поддержка портала - Сергей Зайцев    Сайт создан на CMS Danneo 0.5.2
За достоверность рекламных материалов и приглашений на соревнования и другие мероприятия Танцевальный портал art-dance.kz ответственности не несет.