Главная festivali.kz Регистрация Обратная связь


Регистрация в справочнике О проекте art-dance.kz
 
КАТЕГОРИИ НОВОСТЕЙ
Концерты, балет, вечеринкиМастер-классыФестивали, конкурсы
 
 
 
 
« Апр.2024»
Пн.Вт.Ср.Чт.Пт.Сб.Вс.
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930     
 
МЫ ВКОНТАКТЕ
 
 
 
НАША БОЛЬШАЯ КНОПКА


Поддержите проект art-dance.kz!
Разместите нашу кнопку на своем ресурсе.

код кнопки:
 
Яндекс - Виджет

Танцевальные события

Удобный способ получать последние новости о танцевальных событиях в Казахстане от art-dance.kz.

добавить на Яндекс
 
Афиша ротатор
BONANZA_2024
Astana Stars
Tancujut_vse
Jas_daryn
14_Movement_Fest
 
Архив новостей:
2009/ 10/ 11/ 12/ 13/ 14/ 15/ 16/ 17/ 18/ 19/ 20/ 21
Предстоящие фестивали, конкурсы, турниры:

«Мен де жұлдыз боламын!» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы байқауы

«Мен де жұлдыз боламын!»
атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы байқауы

2020 жыл 29 ақпан «Мен де жұлдыз боламын» жобасының төртінші маусымының бірінші іріктеу кезеңі Алматы қаласында Гранд Паркте өтеді.

«Мен де жұлдыз боламын»
жобасының бірінші, екінші, үшінші маусымының, гала концерттері Студенттер сарайы мен Алатау дәстүрлі өнер театрында өтті. Бірінші гала концерт Мұхтар Шахановтың, екіншісі халық әндеріне, үшіншісі Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналды. Концертті арнайы бір ұлы тұлғаның шығармашылығына арнау дәстүрге айналды. Саналы ұрпаққа ұлы тұлғаларымызды насихаттау негізгі мақсатымыз. Байқау жеңімпаздары Түркия еліндегі елшіміз Абзал Сапарбекұлының шақыруымен Бурса, Сакарья, Стамбул қалаларындағы өткен концерттерде өнер көрсетті. Және Грузия мемлекеті Батуми қаласындағы «Golden argo» халықаралық конкурсына қатысып, үиіткерлеріміз олжалы оралды: 5 Гран-При, 6 - 1 орын. Және қазан айында Мәскеу қаласында өткен халықаралық «Во имя жизни на земле» конкурсынан жүлделі оралды. Қазір жүлдегерлеріміз Франция және Түркия еліне конкурсқа дайындалып жатыр. Биылғы қатысушылардың да өзге елге барып, өз жұлдызын жағуға мүмкіндіктері бар.

Біз жеңімпаздардың алдағы шығармашылығының дамуына да үлес қосамыз. Дәл қазір жеңімпаздарымызды Балапан телеарнасы «Достар» сериалынан көре аласыздар. Сонымен қатар Қазақстан ұлттық арнасындағы «Жаңалықтар», «Таңшолпан», СТВ телеарнасындағы "Тәулік тынысы" бағдарламаларына, Алматы телеарнасының "Жаңалықтарына" және Хит ТВ арнасына сұхбат берді. Және де өнерпаздарымыздың жеке шығармашылығын дамытуға да атсалысамыз. Жеңімпаздарымызды алды авторлық әндерін жазып, бейнебаян түсіріп, жеке шығармашылық кештерін беріп те үлгерді. Биыл да қатысушыларды жақсы жаңалықтар күтіп тұр. Биылғы қатысушылардың қатысуымен «Мен де жұлдыз боламын» жобасының авторлық киносы түсірілмек. Және де Абай атамыздың 175 жылдығына, Жұбан Молдағалиевтің 80 жылдығына арналған мерекелік шараға қатысуға мүмкіндік алады.

«Мен де жұлдыз боламын» жобасы әр сенбі «Менде жұлдыз боламын» өнер орталығының ютуб каналындағы ресми парақшасынан көрсетіледі. Барлық қатысушылар кезегі келгенде шығады.

Мақсаты:
Жасөспірімдердің эстетикалық талғамын арттыру мен өлкеміздің болашақ жас жұлдыздарын жарыққа шығару. Сонымен қатар сахнаны меңгеру мәдениетін, орындау шеберлігін арттыру;

Е Р Е Ж Е С І:

I. ТЕЛЕБАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
1.1. Болашақ өнер жұлдыздарын сахна мәдениетіне баулу ,сонымен қатар жаңа, өзгеше идеяларды іздестіру, балалар мен жасөспірімдердің рухани дамуын қалыптастыру, сонымен қатар балалар әндерін орындауға баулу;
1.2. Балалар мен жасөспірімдерге рухани - мол тәрбие бере отырып, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, жас орындаушылардың орындау мәнерлерінің маңыздылығын арттыру;
1.3. Талантты балаларды, республикалық деңгейде іріктей отырып, жүзден жүйрік шыққандарды Халықаралық байқау және фестивальдерге қатыстыру.

II.БАЙҚАУҒА ҚАТЫСАТЫН БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
- Кіші топ (5-8 жас аралығы)
- Орта топ (9-11 жас аралығы)
- Үлкен топ (12-15 жас аралығы)

III. БАҒДАРЛАМАҒА ТЕК МЫНА ЖАНРЛАР БОЙЫНША ҚАТЫСА АЛАДЫ
- вокал (соло, дуэт, трио, квартет - вокалды топтар)
- дәстүрлі әндер
- хореография (жеке, топтық)
- аспапты шығарма (жеке, орындау, топпен орындау ансамбль, оркестр)
- көркемсөз

IV. БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ:
Әр жанрдың қатысушылары бір шығармадан орындайды.

V. БАҒАЛАНАТЫНДАР:
5.1. Вокалдық ерекшеліктері, дауыс ырғағының кеңдігі,орындау шеберлігі;
5.2. Қатысушының сахнада өзін ұстау мәдениеті, киім үлгісі, актерлік шеберлігі ескеріледі;
Байқаудың әділ бағасын өз ісінің шеберлері бағалайды. Әділқазы шешімі бойынша жүлдегерлер анықталады.

VI. БАЙҚАУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ:
6.1. Таспалар алдын-ала дыбыс режиссеріне тапсырылуы керек;
6.2. Қатысушының таспасы мен оның дұрыс қойылуына жетекшісі жауапты;
6.3.Қатысушылар сүйемелдеуші аспаптарын өздері әкеледі
6.4. «Музыкалық шығармалар » бірнеше қалыпта /СД, Мини, Flash/ әкелінуі керек;
6.5. Шығарма салынған қалыпта тек байқау шығармасы ғана жазылуы шарт;
- Гран-При - 2020 жылы жаз айында Түрік елінде өтетін халықаралық байқауға жолдама алады. (Жолдаманың жалпы суммасына 70% жеңілдік көрсетіледі)
- I орын - 2020 жылы сәуір айында Түрік елінде өтетін халықаралық байқауға жолдама алады. (Жолдаманың жалпы суммасына 50% жеңілдік көрсетіледі)
- II, III орын - арнайы медаль, дипломдармен марапатталады. (ЛАУРЕАТ)

Байқауға қатысу жарнасы:
- Соло - 15 000 тг.
- Дуэт, трио, квартет - 20 000 тг.
- Топтық 6 адамға - 25 000 тг. (аспапта ойнау, бишілер)
- Топтық 6 адамнан жоғары - әрқайсысы адам басына 3 000 тг-ден төлем жасайды (аспапта ойнау, бишілер)

Ескерту: Барлық қатысушылар мамыр айындағы гала концертке қатысуға мүмкіндік алады. Гала концерттер үшін билет сатылымға шығады. Әр бала 5-10 билет алуы міндетті. Өйткені концерт Студенттер сарайында өтеді. Және кәсіби видео түсірілім болады, Билет алуға мүмкіндігі жоқ қатысушылар гала концертке жіберілмейді. Тек іріктеу кезеңінде арнайы дипломмен марапатталады. Конкурстың екінші кезеңі гала концерт. Сол жерде жүлдегерлер анықталып, тиісінше марапаттарын алады.

Осы конкурсқа атсалысқан жетекшілер арнайы алғысхат және кубоктармен марапатталады. Және ең бастысы бала санына қарай:
5 бала - 10 000 тг. СЕРТИФИКАТ
10 бала - 20 000 тг. СЕРТИФИКАТ
15 бала - 30 000 тг. СЕРТИФИКАТ
20 бала - 40 000 тг. СЕРТИФИКАТ
2-3 бала - ынталандыру сыйлықтары

Бұл ЖЕТЕКШІЛЕРДІҢ СЫЙЛЫҚТАРЫ!!!

Конкурсқа қатысу үшін ақпанның 15-не дейін zhumai.larisa@mail.ru тіркеліп, каспий голдқа жарнасын жіберу керек.

Байланыс: 8 747 417 39 84 ватсап
Каспий голд: 5169 4931 7656 6027 (Данагүл Аманжолқызы)

Жоба авторы: Лариса Мақсатқызы

При копировании информации ссылка на art-dance.kz обязательна.
Поделись ссылкой в социальных сетях
Теги: Алматы , февраль 2020 , фестивали и конкурсы в Алматы
29.02.20 | Просмотров : 1681 | ID события: 5489
Все события на февраль 2020 года
реклама в подвале

ПОИСК НА ПОРТАЛЕ
 
 
 
 
Свежие новости/события
 
 
 
ПОДАРИ ДЕТЯМ ЖИЗНЬ
detdom.kz

Общественный Фонд
«Добровольное Общество Милосердие»

www.detdom.kz

 
СТАТИСТИКА ПОРТАЛА
Новости ( 8 359 )
Новости (просмотры) ( 20 511 274 )
Статьи о танцах( 427 )
Тематический словарь( 56 )
Справочник по клубам( 572 )
Танцевальные коллективы( 159 )
Преподаватели( 322 )
 
Афиша ротатор
NEW_ART
ТОО «Pro танцы Kz»
92_Pro_tancy_Kz
SVOBODA
GULNAR_FEST
 
Главная Форум Регистрация Обратная связь
Идея ТОО "Аль - Capital Ltd" © 2009 - 2023 Дизайн, разработка и поддержка портала - Сергей Зайцев    Сайт создан на CMS Danneo 0.5.2
За достоверность рекламных материалов и приглашений на соревнования и другие мероприятия Танцевальный портал art-dance.kz ответственности не несет.