Главная festivali.kz Регистрация Обратная связь


Регистрация в справочнике О проекте art-dance.kz
 
КАТЕГОРИИ НОВОСТЕЙ
Концерты, балет, вечеринкиМастер-классыФестивали, конкурсы
 
 
 
 
« Апр.2024»
Пн.Вт.Ср.Чт.Пт.Сб.Вс.
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930     
 
МЫ ВКОНТАКТЕ
 
г. Астана
 
 
НАША БОЛЬШАЯ КНОПКА


Поддержите проект art-dance.kz!
Разместите нашу кнопку на своем ресурсе.

код кнопки:
 
Яндекс - Виджет

Танцевальные события

Удобный способ получать последние новости о танцевальных событиях в Казахстане от art-dance.kz.

добавить на Яндекс
 
Афиша ротатор
DANCE_MASTER
Astana Stars
Tancujut_vse
TANCY_NA_MILLION
 
Архив новостей:
2009/ 10/ 11/ 12/ 13/ 14/ 15/ 16/ 17/ 18/ 19/ 20/ 21
Предстоящие фестивали, конкурсы, турниры:

«Алатау шыңы» Республикалық балалар мен жастар шығармашылық конкурсы

«Алатау шыңы» Республикалық балалар мен жастар
шығармашылық конкурсын өткізу
ЕРЕЖЕСІ
22 - 23 cәуір 2017 жыл, Қызылорда қаласы
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің Студенттер сарайы

«Алатау шыңы» Республикалық балалар мен жастар шығармашылық конкурсы (одан әрі - байқау)
«Жеті Өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткізіледі.

Байқаудың басты мақсаттары:
- Қазақстан Республикасындағы музыкалық және шығармашылық білім беруді дамыту және шыңдай түсу;
- Педагог-ұстаздардың, конкурсанттардың байқау барысында өзара достасып, пікір алмасуы арқылы оқытудың одан әрі тиімді әдістемелерін таңдап енгізу, білім беру саласының педагогикалық қызметкерлерінің шығармашылық қызметіне дем беру;
- Балалар мен жасөспірімдерге көркем эстетикалық тәрбие беру, дарынды жастарды анықтап,оларға шығармашылық тұрғыдан қолдау көрсету.

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ

Байқауға республикамыздың барлық облыстарының өнерпаздары қатыса алады.

І. Байқау номинациялары және қатысушылардың жас шамасына қарай сайысатын топтары

Байқау жеті номинация бойынша өтеді:

1. Аспапта орындаушылық өнері, жеке немесе топтық орындау (түрлері бойынша):
1. 1. Ағаш-үрмелі аспаптар: флейта, гобой, кларнет, фагот, саксофон - альт, саксофон - тенор;
1. 2. Жез үрмелі аспаптар: валторна, труба, тромбон, туба, ұрмалы аспаптар;
1. 3. Қазақ халық аспаптары: домбыра, шертер, қобыз, қыл - қобыз;
1. 4. Орыс халық аспаптары: баян, аккордеон, классикалық гитара, домра - прима, домра - бас
1. 5. Эстрадалық музыка аспаптары
1. 6. Фортепиано;
1. 7. Ішекті аспаптар:скрипка, альт, виолончель,контрабас.
2. Дәстүрлі ән өнері, жеке орындау
3. Ән салу өнері,
жеке немесе, хор, топтық орындау (түрлері бойынша):
3.1. Академиялық ән салу, дауыстар бойынша: сопрано; меццо сопрано; тенор; баритон; бас.
3.2. Эстрадалық ән салу
3.3. Ансамбльмен ән салу өнері, дуэт, трио, квартет, топтық орындау;
4. Хореографиялық өнері, жеке немесе топтық орындау (түрлері бойынша):
4.1. Ұлттық би
4.2. Эстрадалық би
4.3. Спорттық би
4.4. Классика
5. Мәдени-тынығу жұмысы, жеке немесе топтық орындау (түрлері бойынша):
5.1. Көркемсөз
5.2. Скетч
5.3. Пародия
6. Бейнелеу өнері және Сәндік өнері
7. «Жас ғалым» ғылыми жобалар және «Жас қаламгер» үздік шығарма сайысы
Қатысушылардың жас шамасына қарай сайысатын топтары

- Бүлдіршін тобы: 4-7 жас
- Балдырған тобы: 8-10 жас
- Жеткіншек тобы: 11-13 жас
- Жасөспірім тобы: 14-16 жас
- Жас өрен тобы: 17-19 жас
- Жас дәурен тобы: 20-25 жас
- Аралас топ

ІІ. Байқау шарттары
- Әр қатысушы жоғарыда берілген номинациялар бойынша еркін тақырыптғы 1 шығармамен қатыса алады. Әр шығарманың ұзақтығы 4-минуттан аспауы керек;
- Байқауға қатысушылардың әндері «жанды» дауыста орындалуы тиіс: жасалған аранжировка (эстрадалық, фольклорлық ансамбльдің, оркестрдың) минус сүйемелімен, саз аспаптарымен (домбыра, сырнай, қобыз, қылқобыз, жетіген, скрипка, т.б.) орындауға болады;
- Байқау барысында қатысушылардың орындау шеберлігі, сахналық киім ерекшелігі мен сахна мәдениетіне, би қозғалысының ритмикасы мен синхрондығына назар аударылады;
- Қатысушының таспасы мен оның дұрыс қойылуына жетекшісі жауапты;
- Қастысушылар бейнелеу өнерінен өз көрмесін ұсынады: графика және кескіндеме (живопись) өнері түрінен (А3 формат көлемінде). Бірінші жұмысы еркін тақырып бойынша, екінші жұмысы - патриоттық тақырып.
- Сәндік өнеріне қатысатындар әртүрлі жанрдан өз көрмесін ұсынады: мүсін, ағаш өңдеу, батик, тоқыма, зергерлік бұйымдар және басқа сәндік өнердің түрлерінен.
- «Жас қаламгер» үздік шығарма сайысы бойынша 2 бағытта - поэзия және проза бағытындағы шығармалар қабылданады, шығарма тақырыбы «ЭКСПО-2017 - болашақтың энергиясы». Бұл номинация бойынша жұмыстар (электрондық нұсқаcы) 2017 жылдың 25-наурызға дейін қабылданады.
* Қойылатын талаптар: Бет параметрлері: жоғарғы жағы - 2 см, төменгі жағы - 2 см, сол жағы - 3 см, оң жағы - 2см, шрифт Times New Roman, 14 кегль. Жұмыс көлемі 2-3 бет.
- «Жас ғалым» ғылыми жоба сайысына қатысуға 4 бағытта толтырылған жұмыстар алынады:
* физика-математикалық (секциялар: физика, математика, информатика, экономика);
* ғылыми-жаратылыстану (секциялар: биология, химия, адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау);
* лингвистикалық (секциялар: әдебиеттану, тіл білімі);
* гуманитарлық (секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану).
Қатысушылар төменде берілген электрондық почтаға сұраныс жіберіп, ғылыми жобаны рәсімдеу стандартын алуы керек.

ІІІ. Техникалық шарттар
- Қатысушылар сүйемелдеуші аспаптарын өздері әкеледі;
- Шығарма салынған қалыпта тек байқау шығармасы ғана жазылуы шарт;
- Шығарма салынған қалыптың сыртында және ішінде қатысушы топ атауы, шығарманың аты жазылуы керек;
- Әр қатысушы тізімдік рет бойынша дайын тұруы тиіс. Сүйемелдеуші аспабы мен құралдарының дайындығына жетекшісі жауапты.

IV. Байқаудың қазылар алқасы

- Қазылар алқасының құрамы мәдениет және өнер қайраткерлері, кәсіби сазгер, тәжірибелі ғалым-ұстаздардан құралады;
- Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды, сондай-ақ байқау ережелерінің бұзылуына жол берген қатысушылар байқаудан шеттетіледі!
Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және барлық мүшелері қол қояды;
- Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады;
- Қазылар алқасының барлық мүшелері келіскен жағдайда бағдарламаны қысқарту немесе шығармаларды орындауды тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы;
- Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін 10 ұпайлық жүйе бойынша (ашық) бағалайды. Жинаған ұпай саны бойынша орындаушылар қатарынан байқаудың жүлдегері анықталады.

V. Жеңімпаздарды марапаттау
Байқаудың қорытындысына сай әр номинация бойынша марапаттау беріледі:
Бас жүлде - жеңімпаз дипломы және арнайы сыйлық;
І орын - лауреат және сыйлық;
ІІ орын - лауреат және сыйлық;
ІІІ орын - лауреат және сыйлық;
І орын - дипломант және сыйлық;
ІІ орын - дипломант және сыйлық;
ІІІ орын - дипломант және сыйлық.
Байқауға қатысқан өнерпаздар мен тәлімгерлерге Мақтау қағазымен марапатталады. Байқауға жеңімпаздарды дайындаған педагогтар “Үздік тәлімгер” дипломымен марапатталады.
Аранайы дипломдар: «Көрермен көзайымы», «Ең жас қатысушы».
Әділ-қазылардың ұйғарымымен әр номинация бойынша берілетін орын саны көбейтілуі мүмкін.

VI. Қаржы шарттары
- Жеке орындаушылар - 10 000 теңге.
- Дуэт, трио - 15 000 теңге.
- Ансамбль - 4 адамнан 10 адамға дейін - 20 000 теңге,
10-адамнан жоғары - 2 000 теңге адам басына.
Қатысушылардың барлық шығындарын қатысушы жақ төлейді
Топтық қатысушылар тек ұстаздың жетекшілігімен ғана келеді.
Байқау жарнасын төлеу жүлделі орынға кепілдік бере алмайды.
Жарна ақысы ұйымдастыру жұмыстарының шығындарына жұмсалады және ол қайтарылып берілмейді.

VII. Тіркеу
Өткізілетін күні және орны:
22-23 cәуір 2017 жыл, Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің Студенттер сарайы, Ы.Жақаев көшесі, 75
22-23 сәуір 08.00 - 09.30 дейін қатысушылардың тіркелуі;
23-23 сәуір 09.45 - 19.00 байқаудың салтанатты ашылу рәсімі, өнерпаздардың өнер көрсетуі.

Байқау кестесі мен марапаттау уақыты қосымша таратылады.

Байқауға қатысқысы келетіндер ұйымдастыру алқасына төмендегі құжаттарды жіберуі тиіс.
- Тапсырыс анкетасын толтыру;
- Туу туралы куәліктің көшірмесі;
- Банктық есепшотқа аударған жағдайда жарна төлегендігі жөніндегі түбіртек көшірмесі.
Көрсетілген құжаттар ұйымдастыру алқасына 2017 жылдың 18 cәуірге дейін тапсырылуы тиіс.
Көрсетілген мерзімнен кейін келген өтініштер қаралмайды.

Тапсырыс анкетасы WhatsApp желісі және электронды почта арқылы қабылданады. Тапсырыс анкетасымен бірге біздің ереже сізге қалай, кімнен келгенін жазып жіберуіңізді сұраймыз. Біздің тараптан берілетін барлық құжаттар сіздердің анкеталарыңызға сәйкестендіріліп толтырылатын болғандықтан, дұрыс ақпарат берулеріңізді сұраймыз!!! Сүйемелдеуші болған жағдайда, анкетаға енгізуді ұмытпаңыздар!!!

Тапсырыс анкетасы:

Аты, жөні

Мемлекеті, Облысы, қаласы, ауданы, оқу орны

Тәлімгері
(толық аты-жөні)

Репертуары
(шығарма авторлары толық көрсетілсін)

Номинациясы: аспабы/жанры

Туған күні, айы, жылы

телефон

-

-

-

-

-

-

-

-

Біздің реквизиттер:
ИП «Жеті Өнер»
«Kaspi Bank» АҚ
KZ57722S000001170964 банк шоты
Курманова Сандугаш Таурбековна
ИИН/БИН 840101403123
КБе 19
КНП 869

Құрметті қатысушылар!
Байқаудың жоғары дәрежеде өтуі осы талаптардың дұрыс және дер кезінде орындалуына байланысты.
Қандай да бір өзгерістер енген жағдайда алдын ала хабарланып, әлеуметтік желідегі парақшада жарияланады.

«Сыйлық СЕРТИФИКАТЫ» берілген қалалар тізімі:
БҚО, Орал қаласы
Атырау облысы, Атырау қаласы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
ОҚО, Шымкент қаласы
Алматы облысы, Іле ауданы
Алматы облысы, Талғар ауданы
Алматы облысы, Жаркент ауданы
ШҚО, Ұржар ауданы
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы

Байланыстар ұйымдастырушы:
e-mail: 7oner@mail.ru
+7 778 469 61 77, +7 747 184 84 31
+7 778 469 67 96, +7 707 869 61 77

Құрметті қатысушылар! Байқаудың жоғары дәрежеде өтуі осы талаптардың дұрыс және дер кезінде орындалуына байланысты.
Байқаудың Бас жүлде иегерлеріне әсем қала Алматыда мамыр айында өтетін «Жеті Өнер» I Халықаралық шығармашылық фестиваліне тегін қатысуға сыйлық сертификаты беріледі.
Қандай да бір өзгерістер енген жағдайда алдын ала хабарланып, әлеуметтік желідегі парақшада жарияланады.

При копировании информации ссылка на art-dance.kz обязательна.
Поделись ссылкой в социальных сетях
Теги: Кызылорда , апрель 2017 , Жетi Онер
22.04.17 | Просмотров : 3529 | ID события: 3716
Все события на апрель 2017 года
реклама в подвале

ПОИСК НА ПОРТАЛЕ
 
 
 
 
Свежие новости/события
 
 
 
ПОДАРИ ДЕТЯМ ЖИЗНЬ
detdom.kz

Общественный Фонд
«Добровольное Общество Милосердие»

www.detdom.kz

 
СТАТИСТИКА ПОРТАЛА
Новости ( 8 365 )
Новости (просмотры) ( 20 564 074 )
Статьи о танцах( 427 )
Тематический словарь( 56 )
Справочник по клубам( 572 )
Танцевальные коллективы( 159 )
Преподаватели( 322 )
 
Афиша ротатор
NEW_ART
ТОО «Pro танцы Kz»
Bolshie_Zvezdy_Kazahstana
SVOBODA
GULNAR_FEST
 
Главная Форум Регистрация Обратная связь
Идея ТОО "Аль - Capital Ltd" © 2009 - 2023 Дизайн, разработка и поддержка портала - Сергей Зайцев    Сайт создан на CMS Danneo 0.5.2
За достоверность рекламных материалов и приглашений на соревнования и другие мероприятия Танцевальный портал art-dance.kz ответственности не несет.